Басты бет

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Абай сөзі – ұлттық қазына» PDF Print Email

 2.10.2019 жылы әдебиет қонақжайы үйірмесінің жетекшісі М.А. Таукешова және кітапхана меңгерушісі Г.К. Беисова 1-курс студенттерімен бірге №4 қалалық кітапханада Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Абай сөзі – ұлттық қазына» сұхбатын өткізді.

Мақсаты: білім алушылардың Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге жәрдемдесу, өскелең ұрпақ үшін Абай шығармаларының маңыздылығын көрсету.

468м5вч.jpg

 

№4 ҚК меңгерушісі Мухтарханова Г.Д. балаларға Абай Құнанбаевтың мерейтойына арналған көрме, оның ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуындағы рөлін айтып өтті.

5ммм444.jpg

 

Таукешова М.А. Абай-ақын, Абай-ойщыл өмірі мен шығармашылығы, «Қара сөздер» кітабы туралы айтты. «Абай «Қара сөздерінде» өмірдің мәні туралы толғанады, жастарға кеңес береді, адамдардың кеселдерін әшкере етеді, адамның өнегелі қасиеттерін насихаттайды», - деп атап өтті. Білім алушылармен Бірінші қара сөзді талқыланды.

Беисова Г.К. Абай және Абай туралы шығармалармен таныстырды, халыққа деген сүйіспеншілік бейнеленген «Лирика и поэмы», «Өлең-сөздің патшасы» кітаптарына ерекше көңіл бөлді.

Іс-шара рухани-адамгершілік сипатқа ие, ұлы ақын мен ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармашылығына сүйіспеншілік пен құрметті баулиды. Жасөспірімдерде азаматтық және патриоттық сезімдерді тәрбиелейді.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж