Басты бет

ҚАЗАҚ ТІЛІН БІРТІНДЕП ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШІРУ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАУ PDF Print Email

 


 

Колледжде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді!

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Отанымызға деген патриоттық сезімді  қалыптастыру мақсатында, колледжде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Қоғамдық пәндер оқытушысы Д.Б. Акылбеков ЭП-111 және ТМП-31 топтарында пікірталас алаңын ұйымдастырып,  әр ғасырларда қазақ жазбасының даму тарихын талқылады.  

Талқылау нәтижесінде қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру қажеттілігін қолдады.

«Есіміңді латынша жаз» акциясын өткізді. 


89465344663.jpg987798787.jpg49874598456.jpg98645345.jpg

 


 

«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» тақырыбында дөңгелек үстел

2017 жылғы 1 қарашада Павлодар технологиялық колледжінде  «Рухани жаңғыру.Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде колледж оқытушылары мен студенттері қатысқан «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Бұл іс-шараны әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушылары Д.Т Байтлесова және А.М.Иманбаева ұйымдастырды.

685426544447.jpg

Талқылау барысында студенттер қазақ жазбасының даму тарихы туралы айтып өтті. Қазақ тілі даму процесінде нақты тарихи кезеңдер талабына бейімделе отырып, бірнеше ғасырларда бірқатар өзгерістерге ұшырағаны мәлім.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы ұсыныс, жаңа әліпбиді әзірлеу мерзімі және құжат айналымы мен кітап басылымын аудару қазақстандықтар үшін күтпеген жағдай емес.Латын әліпбиіне көшу қажеттілігі Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары қазақстанның қоғам қайраткерлері және лингвистика саласындағы мамандардың ұсынысымен бастама алған. Алғашқы рет қазақ тілін өзгерту тиімділігі 1992 жылы Түркияда өткен,  бұрынғы КСРО аймағында тұрып жатқан түркі тілдес халықтар қатысқан Түрік Конгресінде айтылған еді.

98645444.jpg

Латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылау кезінде туындайтын өзекті сұрақтардың бірі келесідей: «Кириллицадан неге бас тартуымыз керек? Неге латын әліпбиі?  900 жыл қазақтар қолданған араб тілі неге алынбады?».

Барлық мәселе әлемнің жаһандануында. Латын әліпбиін жаңа технологиялармен, компьтермен, сапамен байланыстырады. Мысалы, әлемде  озық технологиясымен әйгілі жапон фирмалары өз аттарын латынша жазуды жөн көреді.

5568458545.jpg

Сондай-ақ, дөңгелек үстелде латын  әліпбиіне көшудің мәдени және әлеуметтік-саяси аспектілері аталып өтті.

Сондықтан, тіл реформасын қазақ тілін жаңғырту тұрғысында қарастыру қажет.

Қазақ тілінің кириллицадан латын әліпбиіне көшуі аса маңызды. Латын әліпбиі Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму нұсқасы ретінде заман сұранысына сай келеді.

 

Байтлесова Д.Т.

Иманбаева А.М.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж