Басты бет

“ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ” ЖОБАСЫ PDF Print Email

24 қазан 2018 жылы Павлодар технологиялық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы шеңберінде әнші, домбырашы, композитор Алексей Лодочниковтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Ол тәуелсіздік жылдары үлкен жетістікке жетіп, елдің дамуына қосқан үлесі үшін 100 жаңа есім тізіміне енді. Бұл іс-шараны ұйымдастыру мақсаты – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, ұлттың алтын қоры – Алексей Лодочников және оның шығармашылығымен танысу, сонымен қатар білім алушылардың белсенді өмір ұстанымына қызығушылық ояту болып табылады. 

photo_2018-10-24_12-02-24.jpgphoto_2018-10-24_12-04-20.jpg


Дөңгелек үстел сұхбат түрінде ізгілікті ахуалда өтті. Колледж білім алушылары Алексейдің өмірі мен шығармашылығы, болашақтағы жоспарлары туралы қызығып тыңдады. Соңында Алексей Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы» әнін домбырада шырқады.

photo_2018-10-24_12-01-12.jpgphoto_2018-10-24_12-01-35.jpg

 

Колледж Алексейге алғыс хат табыстап, шығармашылық табыстар тіледі! 


_байсейітова.png

Жанар Байсейітова – педагогика ғылымының кандидаты, профессор.

Жанардың барлық зерттеулері шаһардағы мектептің оқу және оқу-методикалық ісіне сондай-ақ Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасы мен тәрбие саласына енгізілген. Әсірсе жоғары оқу орындарындағы болашақ педагогика мамандарын оқытуға пайдаланылады.

Жанар Қазақстан Республикасының талантты ғалымдарына берілетін мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері.

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша Жанар түрлі ғылыми конференцияларға қатысады. Оның 120 жуық ғылыми мақалалары жарық көрген. Ғылыми еңбегін қорғағаннан кейін 72 публикациясы жарыққа шықса, 4 еңбегі Skopus базасына кіретін импакт-фактор журналға шыққан. 6 оқу-методикалық құралы оның ішінде біреуі ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысына сай жазылған оқулығы бар. Солардың екеуі бастауыш және орта кәсіби білім беру ісіне арналған оқулықтар әзірлеу бағытында өткен конкурста жеңімпаз атанған. Сондай-ақ тағы екі оқу-методикалық құралы Австрияның «East West» Association for Advances Studies and Higher Education GmbH» баспасында жарық көрген. 2015 жылы ғылыми зерттеу еңбегінің нәтижесінде «Девиантное поведение: теория и практика» атты монографиясы басылып шықты.  

 

645635416854312645635416854312645635416854312645635416854312645635416854312645635416854312

 

_рамазанов.jpg

 

Ерлан Рамазанов – балалар хирургі

Ерлан Рамазанов – облыстың білікті бас балалар хирургі. Жұмысын бастаған күннен бастап жас нәрестелерді хирургиялық жолмен емдеуге маманданған. Ерлан Амангелдіұлы Павлодар облысы хирургиясының неонатология саласына үлкен еңбек сіңірген маман. Ерлан сынды білікті мамандардың арқасында Павлодар облысы дімкәс болып туған сәбилерді оңалту бойынша көш бастап тұр. Әлбетте бұл көрсеткішке балалар хирургиясының айтарлықтай үлесі бар деген сөз.

 

 

Балалар хирургі болу – үлкен мәртебе. Өйткені шыр етіп дүние есігін ашқан шаранаға операция жасау – медицина саласындағы ең күрделі бағыттардың бірі. Ол білім мен тәжірибені, жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Жас нәрестенің жүрек қағысы мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Олар сәбидің бойындағы ақауды анықтап барып, тиісті емдеу шараларын қолға алады.

Ерлан Рамазанов бүгінгі күнге дейін екі мыңдай сәбиге операция жасаған. Ақ халатты абзал жан аймақтағы балалар хирургиясының негізін қалаған маман деп айтуға толық негіз бар.

Ерлан Амангелдіұлы санитарлы авиациямен аудандардағы ауруханаларға шығып, консультативті көмек беріп тұрады.

2014 жылы Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар институты ұйымдастырған хирургтардың сьезінде Ерлан Рамазанов «Қазақстан Республикасының ең үздік неонтолог хирургы» ретінде танылды. Ал, 2016 жылы республика көппрофильді балалар ауруханалары арасында Павлодар облыстық балалар ауруханасы І орын иеленді. Мұндай жетістік бірінші кезекте Ерлан Рамазанов сынды білікті, тәжірибелі маманның арқасы екені айтпаса да түсінікті.    

2017 жылы медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ерлан Амангелдіұлын «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медальімен марапаттады.

645635416854312645635416854312645635416854312645635416854312645635416854312645635416854312

_Исенов.jpg

 

Қуат Есенов – халықаралық олимпиадалардағы алты алтынның иегері

Қуат Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің түлегі. Бірнеше жыл бұрын әлемді таңдай қақтырып, рекордтар кітабына енген. 


 Қазақтың «алтын баласы» казір Америка тұрады. Білімді жігіт небір күрделі математикалық теңдеулердің шешімін оңай тауып, АҚШ оқымыстыларын аузына қаратқан. Қуат Есенов оқушы кезінде екі рет математика пәнінен дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль алған. 2004 жылы АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университетіне қабылданып, оқуын PhD академиялық дәрежесімен тәмамдаған. Есенов қазір сол университетте ғылыми қызмет атқарады.

645635416854312645635416854312645635416854312645635416854312645635416854312645635416854312

_Алексей.jpg

 

Алексей Лодочников  - қазақстандық жас домбырашы-әнші

 

Алексей өзінің іс-әрекетімен сенім арқылы  алдыңа қойған мақсаттарына жету керектігін дәлелдеп жүр.  Алексей қазақ тілінде жетік сөйлеп қана қоймайды, домбырада керемет ойнайды және де өзінің жастығына қарамастан кітап жазады.

 

 1999 жылы Ақсу қаласында дүниеге келген. Қашыр балалар үйінің тәрбиеленушісі. Соңғы 14 жыл бойы Алексей балалар үйінде тәрбиеленді. «Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат – музыкалық колледж» кешені» ММ «Домбырамен халық әндерін орындау» бөліміне түседі. 2014 жылы Алексей Екібастұз қаласында бірінші рет Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдында өнер көрсетеді. Бұл өнер көрсету оқушының өміріне үлкен ынта берді. Көп кешікпей ол республикалық және облыстық музыкалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алады. Музыкалық колледжде оқып жүрген уақытта Алексей өзінің оқу орнындағы «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі болады.

645635416854312645635416854312645635416854312645635416854312645635416854312645635416854312

 

_черуцкий.jpg

 

Чернуцкий Максим – патриот, қоғам қайраткері, меценат, кәсіпкер. 2011 жылдан бастап көмір өнеркәсібінде жұмыс жасап келеді.

«Менің негізгі жетістігім – өз қаражатыма сал ауруына шалдыққан жас жігітке мүгедек арбасын алып беруім деп білемін. Бұл 2016 жылы еді. Оның қуанышты жүзі есімде мәңгі сақталады» – дейді ол.

Максим түрлі республикалық форумдар мен конференциялардың қатысушысы, көптеген грамоталар мен алғыс хаттардың иегері. 2014 жылдың желтоқсанында ол «Халық Таспасы – Народная Лента» ұлттық-патриоттық жобасын жүзеге асырды. Өз қаражатына Қазақстан Республикасының азаматтарына 25 мыңнан астам халық лентасын сыйлады. 2017 жылдың мамыр айында ZhasProject көптілді білім беру жобасы аясында жүзеге асқан «TILKHAN ATA» жобасының авторы атанды. Оның басты міндеті – Қазақстан Республикасындағы «Тілдердің үшбірлігі» идеясын дамыту және дәріптеу болып табылады.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж