Басты бет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік PDF Print Email

 

Қазақстан Республикасының 18.11.2015 жылғы N 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы сыбайлас жемқорлық ұғымын жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп анықтайды.

Колледжде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жүйелі және нысаналы жұмыс жүргізіледі.

Павлодар технологиялық колледжі қызметкерлер мен білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен мінез-құлықты қалыптастыру және дамыту бойынша белгілі бір жұмыс жүргізеді. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша барлық жұмыстың негізі ретінде сыбайлас жемқорлықтың жаңа көріністеріне "нөлдік" төзімділік атмосферасын құруға бағытталған шараларды қабылдау және нығайтуға жәрдемдесуді деп санаймыз.

Колледж әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны әзірледі, ол колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша негізгі мақсаттарды, міндеттерді және нақты бағыттарды айқындайды. Стратегия әрбір қызметкердің лауазымына қарамастан мінез-құлық нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ білім алушылардың міндетті моделін анықтайды.

Біздің стратегиялық мақсатымыз – белгіленген ережелерді мүлтіксіз сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.  

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

 

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы сіз телефон арқылы хабарлай аласыз, басшының блогына жаза аласыз немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарлама жібере аласыз .

  • Басшы блогы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі уәкілетті өкілдің телефоны - 87073505374
  • Жедел желі телефоны – 87182-65-98-61
  • Басшының қабылдау бөлмесінің телефоны– 87182-65-98-61

Ақпарат нақты болуы тиіс, сондықтан колледж қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне көрінеу жалған мен жаман атқа қалдыратын мәліметтерден, сондай-ақ бас араздық немесе жағымсыз қарым-қатынастарға қатысты мәліметтерді таратудан аулақ болуыңызды сұраймыз.

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж