Тәрбие жұмысы |
Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
Тәрбие мақсаты: тұлғаның жан-жақты, үйлесімді дамуын қалыптастыру, азаматтық ұстанымы мол, жоғары білікті және жан-жақты жетілген мамандар, жұмыскерлер тәрбиелеу және дайындау.
Мақсатқа жету келесі міндеттерді шешу үрдісінде жүзеге асырылады:
- тұлғаның кәсіби қасиеттерін қалыптастыру;
- өз еліне, колледжге, айналасындағы адамдарға деген қамқорлығында айқындалатын азаматтық-патриоттық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру;
- нәтижесі жалпы адами ар-ождан, қарым-қатынас мәдениеті нормаларын меңгеру болып табылатын адамгершілік тәрбие;
- білім алушы студенттерді жалпы адами мәдениет, өз Отанының мәдени байлығына толы мәдени құндылықтар жүйесіне баулу;
- еңбекке оң көзқарас тәрбиелеу, еңбек шығармашылығына қажеттілікті дамыту;
- айналасындағы адамдар құқығы, заңды құрметтеуге тірелетін ұжымдық өмір нормаларын сақтау;
- салауатты өмір салтын ұстану, физикалық тұрғыда өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігін қалыптастыру. Колледждегі тәрбие жұмысының мақсаты: Тұлғаның жан-жақты дамуына және өзін-өзі танытуына жағдай жасау, болашақ маманның кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы
Колледжде тәрбие жұмысы үрдісінде оқытушылар мен оқушылардың біріккен қызметінің келесі әдістері мен үлгілері қолданады: - студенттің кәсіптік ой-өрісін, таңдаған кәсібіне қызығушылығын қалыптастыру әдісі (оқыту сабақтары, сынып сағаттары, кәсіпорындарға саяхат, мамандармен әңгімелесу, дөңгелек үстелдер, кәсіби мерекелер). - патриоттық тәрбиелеу, азаматтық ұстанымды қалыптастыру әдістері (оқыту сабақтары, кураторлық сағаттар, мерекелер және кездесулер, музейге экскурсиялар). - адамгершілік тәрбие беру әдістері, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру (оқыту сабақтары, әңгімелер, акциялар, сынып сағаттары, пікірсайыстар, талқылаулар т.б.); - өзін-өзі басқару және белсенділікті қалыптастыруға ықпал ететін әртүрлі ұжымдық шығармашылық шараларға студентерді тарту әдістері (жалпыколледждік мерекелер, пәндік апталар, үйірмелер, көркемөнер, т.б.). тәрбие жұмысында ынтымақтастық, бірігу үлгісіне айналатын оқытушылар мен студенттердің өзара қатынасын іске асыру әдістері (оқыту сабақтары, шығармашылық жұмыстар көрмесі, конференциялар, презентациялар, акциялар, т.б.). - тәрбие үрдісінде оқытушылар, студенттер және ата-аналардың өзара қатынасын іске асыру әдістері (ата-аналар жиналысы, жеке кеңес берулер, соңғы қоңырау мерекесі, ашық есік күндері).
|