Басты бет

Ата-аналарға арналған ақпарат PDF Print Email

 

Ата-аналармен жұмыс

"Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген суйіспеншіліктен басталады"


 

         Отбасы - қоғамның маңызы буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлт өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ужымдардан қаланады. Осы жағынан кез-келген отбасы өзің қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.

            Бала - тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы.

Отбасы - салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік күш қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатын ескерту қажет. Сондықтан ата-аналармен жумыста мектеп түрлу амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.

 

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас элементтері

Атақты педогог және психолог Симон Соловейчик, баланы үлкендер өміріне дайындау жайлы ережелерді, ата-аналарға таныстыру:

• Біреудікін тартып алма, өзіңдікін берме;
• Ешбір себепсіз соғыспа;
• Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға  рұқсат сұра, бұл ұят  емес;
• Әділ ойна, өз досыңды сатпа;
• Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама;
• Ескертулерге ренжіме, көкіректі бол.Ескертулер үшін мұғалімнен санаспа, ренжіме;
• Біреуге жала жаппа;
• Тазалақты болуға тырыс;
• Жиі айт: дос болайық, ойнайық, бірге үйге барайық;
• Есте сақта! Сен бәрінен жақсысын, ешкімнен кем емессің; Сен  ата-анаң үшін, өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін ең жақсысың.
Бұл ережелерде ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе, өте дұрыс. Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы қажет.

Ата-аналарға көмек ретінде:

Талапты бала өсіргіңіз келсе:
• Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі  шын  жауап    беру;
• Балаға жоспар құруға көмектесу;
• Балаға қызық жерлерді нұсқау;
• Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсету;
• Достарымен араласуға көмектесу, қолдау;
• Балаңа басқалардан жамансың деп айтпау;
• Көңіліне тиер сөздермен ұрыспау;
• Оны қызықтыратын кітаптар алып беру;
• Оған кітап оқып беру;
• Бала кезінен кітап оқуға үйрету;
• Қалауын түсіне білу;
• Баламен жеке араласуға уақыт табу;
• Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспау;
• Үлкендермен еркін араласуға үйрету.

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж