Басты бет

Колледжде «Жасбүркіт» әскери-патриоттық үйірмесі ашылды PDF Print Email

Оқу жылы басында Павлодар технологиялық колледжінде «Жасбүркіт» әскери-патриоттық үйірмесі ашылды. Бұл үйірме оқу орнының білім алушыларын Қазақстандық патриотизм рухында, өз халқы, президенті мен жақындарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында ашылды. Бұл үйірменің жетекшісі – АӘД ұйымдастырушы-оқытушысы Махаев Марат Алмасбекович, үйірме кесте және бекітілген тақырыптарға сәйкес өткізіледі.  Оның барысында балалар келесі бағыттарда әскери істің негіздерін үйренеді: оқ ату, әскери-спорттық, саптық, медициналық дайындық, әскери топография. Осы үйірменің қатысушылар саны – 22 адам. Балаларға оған қатысу және жаңа нәрсені білу қатты ұнайды.

 

64ап46м574.jpg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж