Басты бет

Ірімшік жасаушы PDF Print Email

Кәсіптік қызметтің көрсетілген түрін және тиісті кәсіби құзыреттерді меңгеру мақсатында білім алушы кәсіптік модульді меңгеру барысында келесілерді білуі тиіс:

- сүт, ашытылған диеталық сүт өнімдері, сүзбе және сүзбе өнімдері, қаймақ, май, ірімшік және басқа да өнімдерді өндірудің технологиялық процесін жүргізу;

- шикізатты сапасына қарай өндіріс түрлері бойынша бөлу;

 - сүтті қалыпқа келтіру бойынша есептеулерді орындау;

- диеталық өнімді өндіру кезінде ашыту және салқындату процесінің температуралық режимін реттеу және зертханалық талдаулар бойынша оның жетілу дайындығын анықтау;

- нормативтік және технологиялық құжаттамаға сәйкес технологиялық процеске қойылатын талаптардың сақталуын бақылау;

 - өнімді орау және ыдысқа салу сапасын бақылау;

 - дайын сүт өнімдерінің сапасын бағалау;

- ақау себептерін жою жөніндегі іс - шараларды әзірлеу;

- сүт өнімдерін өндіру бойынша өндірістік-технологиялық есепке алу мен есептілікті жүргізу;

- технологиялық жабдықты жуу сапасын бақылау, оны жұмысқа және өндірістің санитариялық жағдайына дайындау;

 - өнім сапасын басқарудың неғұрлым жетілдірілген жүйелерін, жаңа және қолданыстағы стандарттарды қайта қаралған бақылау әдістерін, техникалық шарттар мен өзге де нормативтер мен нұсқаулықтарды әзірлеуге және енгізуге қатысады.

- келіп түсетін шикізатты есепке алу;

- зертханалық талдаулар мен органолептикалық көрсеткіштер негізінде сүтті сапасы бойынша сұрыптау және ірімшікті өндіру үшін жарамдылығын анықтау;

- ірімшік өндіру үшін бактериялық ұйытқылар мен ерітінділер дайындау;

- өндірілетін өнім түрлері үшін бактериялық ұйытқыларды, мәйекті фермент және хлорлы кальций ерітінділерін дайындауды бақылау;

- ұйынды мен ірімшік дәнінің дайындығын тексеру;

- индикаторлық әдіспен ірімшіктің белсенді қышқылдығына мерзімді тексеру жүргізу;

- өндірілген ірімшіктің мөлшерін ескеріп, оны тұздайтын бөлімшелерге беру;

- дайын өнімнің ақау себептерін талдау;

- ақау себептерін жою бойынша іс-шараларды әзірлеу;

- ірімшік және сарысудан жасалатын өнімдерді өндіру бойынша жабдықтың жұмыс режимін қамтамасыз ету;

- ірімшік пен сарысудан жасалған өнімдерді өндіру бойынша технологиялық жабдықты тиімді пайдалануды бақылау;

- жабдықтардың, қалыптар мен мүкәммалдың санитарлық жағдайын бақылау,

Білуге тиіс:

- сүт сарысуынан ірімшік және өнімдер өндіру кезінде шикізатқа қойылатын қолданыстағы стандарттардың талаптарын;

- бактериялық ұйытқыларды, мәйекті фермент және хлорлы кальций ерітінділерін дайындау әдістемесін;

- сүт сарысуынан ірімшік пен өнімдерді өндірудің технологиялық процестерін;

- дайын өнімді өндірудің әртүрлі сатыларындағы технохимиялық және микробиологиялық бақылау талаптарын;

- ақаудың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдерін;

- сүт сарысуынан ірімшік және өнімдер өндіру бойынша жабдықтың қолданылуын, жұмыс істеу принципі және құрылысын;

- құжаттаманы жүргізу нысандары мен ережелерін;

- жабдықты, қалыптарды, мүкәммалды жуу режимдерін.

 

54т5п.jpg     56рп41т.jpg

251т65ь.jpg     54от4.jpg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж