Шығармашылық конкурс – шеберлікке қадам |
2014 жылдың наурыз айында Павлодар технологиялық колледжінің ағылшын тілі оқытушысы Ирина Михайловна Ганиева және «Экология және табиғатты қорғау кызметі» мамандығының 1 курс студенттері Руслан Бекен мен Екатерина Папелькан «ИНТЕРТЕХИНФОРМ» ғылыми-өндірістік орталығымен ұйымдастырылған халықаралық қатысуымен өткізілген Бүкілресейлік қашықтық шығармашылық конкурсына қатысты. Екатерина Папелькан өз конкурстық жұмысын «Үздік пәндік кроссворды», Руслан Бекен – «Сабаққа дайындалған үздік презентациясы» оқушыларға арналған, Ирина Михайловна – «Сабаққа дайындалған үздік презентациясы» оқытушыларға арналған номинацияларына ұсынды. Байқаудың қорытындысы бойынша сәуір айында барлық қатысушылар сертификаттар алды. И.М.Ганиева мен Е.Папелькан жүлделі орындарына ие болып III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ Ирина Михайловна Алғыс хатпен марапатталды.
|