Басты бет

Дуалдық оқыту PDF Print Email

Дуалды оқыту ұйымдастыру туралы ереже   Кәсібі іс-тәжірибеніұйымдастыру мен өткізу туралы ереже

        Дуалды оқыту жүйесі кадрларды даярлаудың тиімді үлгісі ретінде Павлодар технологиялық колледжінің оқу процесін ұйымдастыруға енгізіле бастады. Колледжде дуалды оқыту жүйесін енгізу студенттердің оқу процесінде теориялық дайындықты және кәсіби дағдыларды қатар меңгеруге мүмкіндік береді.Тәжірибе көрсеткендей, аталған оқыту жүйесі теориялық материалды сапалы игеруге ықпал жасайды,  кәсіби білімі және тәжірибесі кеңейеді.

 

      Дуалды оқыту жүйесі колледж және жұмыс беруші арасында әлеуметтік серіктестікті және өзара әрекеттестік механизмін дамытуға мүмкіндік береді.

 

       2014 жылғы 12 тамыздан бастап «Компания Нефтехим LTD»  ЖШС кәсіпорны Павлодар  технологиялық колледжімен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту  және дуалды оқыту шеңберінде  мамандарды даярлау бағытында әлеуметтік серіктестікті табысты дамыта бастады.

        Кадрларды даярлау бойынша өзара серіктестік жөнінде  үшжақты Меморандумға және дуалдық оқыту жөніндегі келісімшартқа сәйкес, Павлодар  технологиялық колледжі, компания өтініш жасаған мөлшерде, «Полимер өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша экструдер машинисті  және тоқымашы бағытында оқушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асырады.  Компания 3-4 курс  оқушыларына біліктілігі жоғары тәлімгер мамандарды бекітіп, өзінің өндірістік базасында тәжірибеден өтуге мүмкіндік ұсынады.Мамандығына байланысты, әр тәлімгерге екі оқушыдан келеді.   Практикалық оқыту кезінде 3 курс оқушылары кәсіби бағытта оқиды және біліктілік емтихан тапсырып,оларға разряд беріледі және болашақта компанияға жұмысқа орналаса алады. Кәсіпорынның жетекші мамандары біліктілік емтихандық комиссиясының құрамына кіреді, сонымен қатар, жас және перспективті кадрларды кәсіби бағалау мақсатында білім сапасын тәуелсіз бағалау комиссиясын басқарады. Бос жұмыс орны болған кезде,жұмысқа қабылдағанда, басымдылық үлгерімі жақсы, өндірістік тәжірибені кәсіпорында өткен колледж түлегіне беріледі. 

 

9685341263512.jpg

 

                16845126386452.jpg image009864513648532.jpg

 

496845333986452.jpg

 

968345129684532.jpg 63845152.jpg

 

9486534856985.jpg

 

 6354653265.jpg

 

16354263512.jpg

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж