Басты бет

Түлектерге көмек ретінде PDF Print Email

ОҚУ ОРЫННЫҢ ТҮЛЕГІНЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІЗДЕУ КЕРЕК

Колледж аяқтаған түлектер жұмыспен қамтамасыз ету орталығына келіп, мамандығы бойынша алғашқы тәжірибешіліктен өту үшін «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жолдама алуға мүмкіндіктері бар.

Ол үшін төменде көрсетілген құжаттар қажет:

  • Жеке куәлік;
  • Колледж бітіргені туралы диплом;
  • Банкідегі шот;
  • Зейнетақы қорымен келісім;
  • Медициналық анықтама (086-нысан).

ЖҰМЫС ІЗДЕУ ТУРАЛЫ ТҮЙІНДЕМЕНІ ҚАЛАЙ ҚҰРАСТЫРУ КЕРЕК?

  1.  Түйіндемеде (резюме) мәліметтерді ұсынудың келесі тәртібі болу керек:
  2.  Жұмыс іздеп жүрген мамандық немесе лауазым
  3.  жасыңыз
  4.  негізгі және қосыша біліміңіз
  5.  еңбек өтілі
  6.  Сіз талап еткен еңбек ақы көлемі
  7.  Қосымша ақпарат (шет тілдерді білуі, компьютер игеруі және тб.)
  8.  Жүргізуші куәлігі, көліктің болуы, және т.с.с.
  9.  Нақты ақпаратық тұжырымдарды қолданыңыз

«Жақсы төленетін еңбек», «лайықты еңбек ақы» және т.с.с. тұжырымдамаларды қолданбауға тырысыңыз, Сізге лайықты минималды еңбекақысының көлемін көрсеткеніңіз дұрыс болар.

«Адал», «жігерлі» және т.б. эпитеттерді қолдану дұрыс болмайды. Бұл қабілеттер кез келген қызметкер немесе жұмысқа қажетті, яғни әр жұмыста осы қабілеттердің болуын дәлелдеуге тура келеді.

  1.  Жаман шаблондарды қолданбаңыз.
  2.  Бөгде тұлғалардың резюмелерін үлгі ретінде абайлап пайдаланыңыз.
  3.  Артық сөздерді пайдаланбаңыз:
  4.  «Жас тұлға», «егде адам» сөздерінің орнына нақты жасыңызды көрсетіңіз
  5.  Тұрақты жұмыс қажетті деп жазбаңыз, бұл жағдай сөзсіз де анық.
 
© 2008 Павлодарский технологический колледж