Written by
|
 |
Павлодар облысының білім беру басқармасы «Павлодар технологиялық колледжі» ШЖҚ КМК
|
Біздің колледж – инновациялық оқытуды жақтаушы ұжым. Оқытушылар өз педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге ұмтылады, жаңа технологиялар меңгеріп, оқытудың қазіргі нысандары мен әдістерін енгізеді. Оқу-тәрбие процесін интерактивтік жабдықтау кеңінен қолданып келеді. Жыл сайын біздің колледж дәстүрлерімен көркеюде. Үш жыл бойы оқушылар волонтерлер қозғалысына белсенді түрде қатысып, Балалар үйі мен түзету мектеп – интернатына көмек көрсетіп келеді. Ал колледждің ең басты мақтанышы – түлектері. Соңғы он жылда оқу орнынан орта буындағы мамандардың екі жарым мыңнан астамы дайындалып шығарылды. Олар қазір аймақтағы өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істеп жүр. Павлодар технологиялық колледжі техникалық және кәсіптік бағдарлама шеңберінде келесі мамандықтар бойынша білім береді:
Шифр |
Мамандығы |
Біліктілігі
|
Оқу мерзімі |
1224000 |
Сүт өнімдерінің өндірісі |
122407 3 «техник-технолог» |
2 ж. 10 ай., 1 ж. 10 ай. |
1226000 |
Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісті ұйымдастыру |
122604 3 «техник-технолог» |
3 ж. 6 ай., 2 ж. 6 ай. |
1509000 |
Экология және табиғатты қорғау қызметі |
1509013 «табиғат қорларын қорғау мен пайдалану инспекторы» |
3 ж. 6 ай., 2 ж. 6 ай. |
1302000 |
Автоматтандыру және басқару |
130202 3 «электромеханик» |
3 ж. 10 ай., 2 ж. 10 ай. |
0814000 |
Полимер өндірісінің технологиясы |
0814123 «техник-технолог» |
3 ж. 10 ай., 2 ж. 10 ай. |
1228000 |
Кабель өндірісі |
122810 3 «техник-технолог» |
3 ж. 10 ай.. |
1119000 |
Тоңазытқыш-сығымдағыш машиналар мен қоңдырғылары |
111903 2 «жабдықтар жөндеу мастері» |
2 ж. 10 ай., 1 ж. 10 ай. |
0518000 |
Есеп және аудит (салалар бойынша) |
051803 3 «экономист-бухгалтер» |
2 ж. 10 ай., 1 ж. 10 ай. |
1508000 |
Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшаф құрылысы |
1508043 «орман мастері» |
3 ж. 6 ай., 2 ж. 6 ай. |
Колледжде бүгінгі күні
Барлығы – 473 білім алушы, олардың ішінде:
- күндізгі бөлімде – 401 (бюджет-357)
- сырттай оқу бөлімінде - 72
-
Барлығы 42инженерлік-педагогикалық қызметкер, олардың ішінде 35 оқытушы, өндірістік оқыту шебері – 6.
Жоғары санатты - 14(33%),
Бірінші санатты – 6 (14%),
Екінші санатты – 7(17%).
|
|